Криштиану Роналдудың Әл-Насрдағы болашағы
Криштиану Роналду "Әл-Наср" командасындағы маусымның аяқталуы туралы пікір білдірді.

Португалия ұлттық құрамасының капитаны Криштиану Роналду арабтың Про-Лигасының 34-туры аясындағы "Әл-Фатехке" қарсы оюннан кейін пікір білдірді. Кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Ойыннан кейін португалдықтардың жазда команда ауыстыруы және клубтық әлем чемпионатына қатысатын командаға көшуі ықтимал екендігі туралы да хабарланған.
Роналду әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Бұл тарау аяқталды. Тарих? Әлі жазылуда. Барлықтарына ризамын," — деп жазды.
Сондай-ақ, "Әл-Наср" Саудия Арабия чемпионатында маусымды 70 ұпаймен үшінші орынмен аяқтады. "Әл-Иттихад" командасынан 13 ұпайға қалып қойды. Криштиану Роналду осы турнирдің ең үздік бомбардиры атанып, өзінің есебінде 25 голды тіркеді.