Путинцева Рыбакинамен бәсекелестік туралы пікір білдірді
Қазақстандық теннисшілердің арасындағы достық қарым-қатынас.
👁️ 16
Сурет: vesti.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен арасындағы бәсекелестік жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды vesti.kz.
Путинцева Рыбакинамен арадағы қарым-қатынасы жайлы былай деді:
«Жоқ. Әлбетте, бірінші болғым келеді, бұл - табиғи нәрсе. Мұны мотивация ретінде қабылдаймын: егер оған мүмкін болды, мен де еңбек етсем, өз мүмкіндігімді іске асыра аламын. Мен оның жетістігіне оң көзбен қараймын. Мұны жаттығу қажеттігі ретінде бағалаймын. Оны жеңе алғанымды ескерсек, менде турнирде немесе басқа да жетістіктерге жету әлеуеті бар. Мен бұл ситуацияны осылай бағалаймын, жаман ниетпен емес,»
деп атап өтті "Ең үздік теннис подкасты" YouTube арнасында өткен сұхбатында.
Ескерте кетейік, Путинцева 2012 жылы Қазақстанның туы астына өтті, ал Рыбакина алты жылдан кейін. Айта кетерлік жайт, Елена дүниежүзілік рейтингте алтыншы орынды, ал Юлия 29-шы орынды иеленіп отыр. Путинцева мен Рыбакина WTA турнирлері аясында арасында үш кездесу өткізді. Жеке кездесулердің есебі: 2-1 Юлияның пайдасына.