Қазақстан командасы United Cup турнирінде алғашқы матчын өткізді
Қазақстан құрамасы United Cup турнирінде алғашқы матчын өткізді.
Қазақстан құрамасы Сидней және Пертте (Австралия) өтетін United Cup аралас командалық турниріне қатысуды бастады, деп хабарлайды vesti.kz.
Алғашқы кортқа шыққан Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (№78) және испан теннисшісі Пабло Каррено-Буста (№196) болды. Испан теннисшісі екі сетте - 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағат төрт минутқа созылды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Испания мен Греция командаларымен бірге C тобына түсті.
Қазақстан құрамасы төмендегі теннисшілермен ұсынылған: Елена Рыбакина, Жібек Куламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және капитан Александр Недовесов.
Қазақстан бұл турнирге екінші рет қатысуда. Алғашқы рет команда 2023 жылы United Cup-та өнер көрсетті.