Қазақстан мен Ресейдің ғарыш жобасы: «Бәйтерек» жүзеге асырылады

Қазақстан мен Ресей ғарыш саласында бірлескен жобаларын талқылады.

👁️ 10
Сурет: profit.kz

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты. Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды.

Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.