Израиль премьер-министрі Нетаньяху ХАМАС-қа жауап беру туралы тапсырма берді
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторынан келген зымыран шабуылына байланысты ХАМАС-қа қатаң жауап берілуі қажеттігін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефонмен қорғаныс министрі Исраэль Кацпен Газа секторынан келген соңғы зымыран шабуылы туралы талқылады. Саясаткер палестиналық радикалдарға қатаң жауап беруді тапсырды, деп хабарлады премьер-министрдің канцеляриясы, РИА Новости жазып отыр.
Премьер-министр Нетаньяху "Сион қанаты" бортына отырып, Исраэль Кацпен сөйлесіп, Газа секторынан зымыран іске қосылғаны туралы ақпарат алды.
Нетаньяху армияның ХАМАС палестиналық қозғалысына қарсы Газа секторында белсенді іс-қимылдарын жалғастыратынын растады. Израиль қорғаныс министрінің офисі, өз кезегінде, Кацтың радикалдарға қарсы әскери операцияны жалғастыру мен кеңейтуді тапсырғанын жариялады.
Бірнеше күн бұрын ХАМАС қозғалысы екі израильдік тұтқынның видеосын жариялады. Осыдан бұрын Исраэль Кац Газа секторында үлкен жерлерді басып алу операциясының басталғанын жариялаған болатын.
2023 жылдың 18 наурызында Израильдің Газа секторында ХАМАС-қа қарсы әскери операцияларды қайта бастағаны белгілі болды. Бұл шешім палестиналық қозғалыстың АҚШ-тың бітімді ұзарту ұсыныстарын қабылдамауына байланысты қабылданды.