Үндістанда туыстарынан жәбір көрген қыз жүкті болып қалды
Үндістанда жасөспірім қыз отбасындағы ер азаматтарынан бірнеше ай бойы жәбір көріп, жүкті болып қалды. Оқиға Уттар-Прадеш штатында орын алған.

Үндістанда бір қыз бірнеше ай бойы атасынан, әкесінен және жездесінен жәбір көріп, жүкті болып қалды. Бұл туралы NDTV хабарлайды.
Арна мәліметтері бойынша, бұл қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатында орын алған. Жасөспірім жәбірленуші туысқанымен бірге полицияға жүгінді. Оның айтуынша, отбасындағы ер азаматтар бірнеше ай бойы оны жәбірлеген.
«Мен олардың қолынан шыға алмай, өзімді өте жаман сезіндім. Олар мені қорқытты», - деді жәбірленуші.
Құқық қорғаушылар оны медициналық тексеруден өткізу үшін алып барды. Дәрігерлер оның екінші ай жүкті екенін анықтады. Осыдан кейін жәбірлеген туыстары қамауға алынды. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Жәбірленушінің нақты жасы жарияланбаған, бірақ оның 16 жасқа толмағаны белгілі.
Бұған дейін үндістанда мүмкіндігі шектеулі алты жасар қызды зорламақшы болған ер адамға маймылдар шабуыл жасағаны және қызды құтқарғаны туралы хабарланған еді.
«Біз адамдардың қауіпті әрекеттерінен қорғау үшін табиғаттың құдіретін байқап отырмыз», - деп атап өтті эколог.