Ұлыбританияда 52 жыл бұрын жоғалған әйел табылды
Ұлыбританияда 52 жыл өткен соң, 68 жастағы әйел Шейла Фокс табылды. Оқиғалар толық баяндалған.
Ұлыбританияда 1972 жылы жоғалып кеткен әйел табылды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 68 жастағы 52 жыл бұрын, 16 жасында жоғалған. Полиция сол уақытта мектеп оқушысының ата-анасынан қашып, бір ер адаммен қарым-қатынас жасағанын болжамдаған. Бірнеше күн бұрын Уэст-Мидлендс полициясы жоғалып кеткен британдықты табуға көмектесу үшін қоғамға үндеу жасап, оның суретін веб-сайтына және әлеуметтік желілерге жариялаған.
Осыдан бірнеше сағат өткен соң, полицейлер қоғам өкілдерінен британдықтың тірі және сау екендігін, елдің басқа бөлігінде тұратынын растаған хабарлама алды.
«Біз Уэст-Мидлендс полициясының адам жоғалуына қатысты ең ұзаққа созылған тергеулерінің бірінің аяқталғанын хабарлауға қуаныштымыз», — деді полиция өкілі.
Бұған дейін Ұлыбританияда жүздеген бочка сыра ұрланғаны туралы хабарланған болатын.