АҚШ Жапонияға миллиардтаған долларға зымыран сатуды мақұлдады
АҚШ Мемлекеттік департаменті Жапонияға AIM-120D-3 және AIM-120C-8 зымырандарын 3,64 миллиард долларға сату туралы шешім қабылдады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Жапонияға басқарылатын AIM-120D-3 және AIM-120C-8 «әуе-әуе» класындағы зымырандарды 3,64 миллиард долларға сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ақпарат берген Пентагонға қарасты Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық агенттігі хабарлады.
«Мемлекеттік департамент Жапония үкіметіне AIM-120D-3 және AIM-120C-8 (AMRAAM) «әуе-әуе» класындағы жетілдірілген орта қашықтықтағы зымырандарды және онымен байланысты жабдықтарды 3,64 миллиард доллар шамасында сату мүмкіндігін мақұлдады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Токио осындай 1,2 мың зымыран сатып алуды сұрады. Сонымен қатар, Жапония қажетті жабдықтар мен қосымша қызметтер үшін де ақы төлейді.
Бұдан бұрын Қытай Тайванға қару сатуына байланысты АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік кешенінің жеті кәсіпорнына санкциялар енгізді. Қытай тарапының пікірінше, АҚШ-тың әрекеттері «бір Қытай» принципін бұзумен қатар, Қытай Халық Республикасының ішкі жұмыстарына елеулі араласу болып табылады.