Таиландтағы музыкалық фестивальде екі турист қайтыс болды

Электронды Музыка Фестивальі Electric Daisy Carnival (EDC) барысында екі шетелдік турист шоктық жағдайға түсіп, қайтыс болды. Олардың өлімінің себебі әлі анықталған жоқ.

👁️ 12
Сурет: Abigail Lynn / Unsplash
Екі шетелдік турист Элеткронды Музыка Фестивальі Electric Daisy Carnival (EDC) шарасына Таиландта қатысу үшін аттанды, бірақ белгісіз жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы The Phuket News порталы хабарлады.

Музыкалық іс-шара Пхукет курортында 18 қаңтарда кешкі уақытта өтті. Алғашқыда полицияға 28 жастағы канадалық туристің қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен, ол концерт кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Онда оны қарқынды емдеуге тырысқан, алайда туристі құтқарып қалу мүмкін болмады.

Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Тексерушілер қосымша сынақтар, оның ішінде алкоголь мен наркотиктерге анализ жасауды сұраған.

Сол түні 32 жастағы америкалық турист те осы фестиваль кезінде шоктық жағдайға түсіп, есінен танып қалған, ауруханада оған көмек көрсете алмады. АҚШ-тан келген туристтің денесінде де зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Шетелдіктердің бастарына не болғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.


Бұған дейін Таиландтың жағалауында туристік кеме суға батып кеткен болатын. 40-қа жуық адам болған катамаран небәрі 20 минут ішінде суға кетті.

Электронды Музыка Фестивальінде болған қайғылы оқиға, туристердің қауіпсіздігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Көзі: The Phuket News