Дональд Трамп криптовалюта заң жобаларына қатысты өз пікірін білдірді
Дональд Трамп АҚШ Конгресі криптовалюталарды реттейтін заң жобаларын қабылдағысы келеді. Бұл жарлықтар цифрлық активтердің нарығына нормативтік анықтық беруді мақсат етеді.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп осы жылдың тамызына дейін Конгресс криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтерді реттейтін заң жобаларын қабылдайды деген үмітін білдірді. Бұл жөнінде саясаткер Вашингтондағы цифрлық валюталар бойынша бірінші саммит барысында айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Доллармен қамтамасыз етілген стейблкоиндер мен цифрлық активтер нарығына нормативтік анықтықты қамтамасыз ететін заң жобаларына Конгрессте жұмыс істеп жатқан заң шығарушылардың күш-жігеріне менің терең қолдауымды білдіргім келеді»,
Трамп сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының «бірінші криптопезиденті» болуға уәде берді. АҚШ президенті қызметіне кіріскен алғашқы аптада қол қойған жарлығында саяси тұлға өзінің әкімшілігі цифрлық активтердің экономика салаларында жауапты өсімін және пайдалануын қолдайтынын ерекше атап өтті.
Кеше Дональд Трамп биткоинның стратегиялық резерві туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды. Сонымен қатар, журналистер АҚШ президентінің мемкоині TRUMP іске қосылғалы бері криптовалюталық жобасы оған 350 миллион доллар табыс әкелгенін есептеп шықты.