Марк Робердің Tesla автопилотын сынау эксперименті
Автопилот пен лидар тестілеуі

Блогер әрі бұрынғы NASA инженері Марк Робер ерекше эксперимент жасап, видеосын жариялады. Автор Tesla-ның камераға негізделген электрондық көмекшілер жүйесі мен аппараттық кешеніне лидар кіретін «автопилотты» бірнеше жағдайда сынақтан өткізіп, салыстырды. Сынақтың бірінде пенопласт қабырғаға сызылған жолды пайдаланған: мұндай сюжет өткен ғасырдың екінші жартысындағы мультфильмдерде кездесетін.

Экспериментке Tesla Model Y мен Luminar фирмасының лидарына негізделген электрондық көмекшілер кешені бар Lexus RX прототипі қатысты. Блогер екі жүйенің жолға кенеттен жүгіріп шыққан немесе қалың тұман, қатты жауын және көз қарықтыратын жарық астында пайда болған манекен баланы соқпай, дер кезінде тоқтай ала ма, жоқ па, тексерді.
Үлкен пенопласт қабырғада көкжиекке дейін созылған жол бейнеленген. Лидар физикалық кедергіні еш қиындықсыз байқады, ал Tesla камерасы блогердің қақпанына түсіп калды. Model Y қабырғаны жарып өтіп, оның артында тұрған манекенді соқты.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=IQJL3htsDyQ]
Видео әлеуметтік желіде тез тарап, сынға ұшырады. Көп адам Марк Роберді Luminar фирмасының сойылын соғып, Tesla-ға шабуыл жасау үшін осы роликті түсірді деп айыптады. Соңғы эксперимент нәтижесі бұрмаланды деген пікір бар. Олар Робер Tesla-ның электроникасын мүлде пайдаланбады немесе өшіріп қойды деп санайды. Кей көрермен электрокар соғылатын қабырғаны алдын ала ойып қойғанын байқапты.
The Verge хабарлағандай, бұған жауап ретінде блогер әлеуметтік желіде видеоға енбеген, сын-пікірді жоққа шығарған кадрларды жариялаған.
Here is the raw footage of my Tesla going through the wall. Not sure why it disengages 17 frames before hitting the wall but my feet weren’t touching the brake or gas. pic.twitter.com/ddmeyqO3ww
— Mark Rober (@MarkRober) March 17, 2025