Vanquish Volante: Әлемдегі ең жылдам кабриолет

Vanquish Volante: Жаңа Aston Martin кабриолеті

👁️ 12
Сурет: kolesa.kz

Компания Vanquish гранд-турерінің Volante атты төбесі ашық нұсқасын таныстырды. Жаңа өнім V12 қозғалтқышын сақтап қалды, бренд оны әлемдегі ең қуатты және ең жылдам алдыңғы моторлы кабриолет дейді. Vanquish Volante 2025 жылдың III тоқсанында сатыла бастайды.

1 / 15
Aston Martin показала быстрейший переднемоторный кабриолет в мире Aston Martin показала быстрейший переднемоторный кабриолет в мире

Купе мен кабриолет арасында шатырдан басқа ешқандай техникалық айырмашылық жоқ. Оны 50 км/сағ жылдамдықта келе жатып 14 секундта бүктеп, 16 секундта ашуға болады. Шу оқшаулау деңгейі жағынан бұл Aston Martin шатыры ашылмайтын көліктен кем түспейді.

Көліктің өнімділігі мен динамикасы

Автомобиль 5.2 литрлік қос турбоүрлемді V12-мен жабдықталған. 835 ат күшін (1000 Нм) беретін агрегат 8 сатылы ZF автомат қорабымен жұптаса жұмыс істейді. Шатыр механизміне байланысты кабриолет ауыр болғанымен, динамикасы аса өзгермеді. Ол алғашқы жүздікті 3.4 секундта еңсереді, максимал жылдамдығы — 344 км/сағ. Купенің көрсеткіші — 3.3 секунд және 345 км/сағ.

1 / 6 Aston Martin показала быстрейший переднемоторный кабриолет в мире Aston Martin показала быстрейший переднемоторный кабриолет в мире

Баптаулар мен жабдықтаулар

Жабдықтар тізіміне бірегей баптаулары бар бейімді Bilstein DTX амортизаторлары, карбон-керамикалық тежеуіш және Pirelli шиналары кіреді. Интерьерінде 10.25 дюймдік екі дисплейден тұратын медиажүйе, 15 Bowers & Wilkins динамигі бар, салон қаптамасын тапсырыс берушінің қалауына қарай әрлеуге болады. Бренд қосымша опция ретінде карбон каркасты спорттық орындықтарды ұсынады.

Бағасы мен өндірістік тиражы

Компания Vanquish Volante-нің бағасын ресми жарияламады, бірақ шамамен 400 мың еуро (217 млн теңге) тұратын купеден қымбат болуы мүмкін. Екі өнімнің жылдық тиражы 1000-нан аспайды.