Наурызда Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы өсуде
2025 жылы жаңа автомобиль нарығы рекорд жаңартуы мүмкін

Наурыз айында дилерлер 19 629 жаңа жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника сатты. Бұл былтырғы наурыздағымен салыстырғанда 23.4%-ға жоғары көрсеткіш. Қазақстан автокөлік одағының мәліметі бойынша, I тоқсанында ресми автосалондар 46 843 машина сатып жіберген, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 18.8%-ға көп.
2025 жылы жаңа автомобиль нарығы рекорд жаңартуы немесе өткен жылдың деңгейінде сақталуы мүмкін. Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева, мұндай нәтижеге автосалондардың тиімді бағдарламалары мен жеңілдіктері себеп болғанын айта келе, нарықтың қарқынды өскенін атап өтті.
Наурыздағы үздік брендтер
Наурызда үздік брендтер рейтингінде Hyundai көш бастады, марка дилерлері бір айда 4472 автомобильдің кілтін тапсырды. Үздік үштікке Chevrolet (2738) мен Kia (2120) енді. Jetour екінші ай қатарынан төртінші орынға жайғасып, Chery-ді ығыстырды, ал осы екі Қытай маркасы сәйкесінше 1362 және 1350 көлік сатты.
2025 жылғы наурыз қорытындысы бойынша жаңа автомобиль нарығындағы үздік 10 марка
Орын | Марка | 2025 жылғы наурыздағы сауда нәтижесі |
1 | Hyundai | 4472 |
2 | Chevrolet | 2738 |
3 | Kia | 2120 |
4 | Jetour | 1362 |
5 | Chery | 1350 |
6 | Haval | 1288 |
7 | JAC | 1071 |
8 | Geely | 1021 |
9 | Toyota | 862 |
10 | Changan | 703 |
Танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt бірінші орын алады; ай ішінде 2236 данасы сатылды. Екінші және үшінші орынды Hyundai Tucson (1692) мен Kia Sportage (1090) алды. Hyundai Mufasa (955) наурызда төртінші орынға көтерілді, ал Haval M6 (607) бесінші сатыда тұр.
2025 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша жаңа автомобиль нарығындағы үздік 10 марка
Орын | Марка | 2025 жылғы I тоқсандағы сауда нәтижесі |
1 | Hyundai | 11 705 |
2 | Chevrolet | 6009 |
3 | Kia | 4905 |
4 | Jetour | 3103 |
5 | Chery | 3097 |
6 | Haval | 2582 |
7 | Geely | 2438 |
8 | JAC | 2420 |
9 | Toyota | 2154 |
10 | Changan | 1630 |