1989 жылғы бэтмобиль аукционда сатылымға шығарылды

Бэтмобильдің тарихы: мәліметтер мен болжамдар

👁️ 27
Сурет: kolesa.kz

Mecum аукцион үйі кино тарихындағы ең танымал автомобилдердің бірі – 1989 жылы шыққан "Бэтмен" фильміндегі бэтмобильді саудалайды.

Фильмде қолданылмағанымен, бұл бэтмобиль Warner Brothers студиясының сертификаты мен сериялық нөмірімен расталған. Көлік алғашында Six Flags ойын-сауық парктеріндегі трюкті шоуларға арналған.

Классический бэтмобиль пустят с молотка в США

Классический бэтмобиль пустят с молотка в США

Бэтмобиль Chevrolet Impala моделіне негізделген. Wounded Knee Motors ательесі оны 6 метрге созып, гидравликалық аспа жүйесін орнатқан. Көліктің қуат көзі – Шевроле 5.7 литрлік V8 қозғалтқышы, автоматтық трансмиссиямен жұмыс істейді. Айналу моменті 255/80 R15 өлшеміндегі Mickey Thompson шинасымен жабдықталған артқы дөңгелектерге беріледі.

Классический бэтмобиль пустят с молотка в США

Бэтмобильдің шанағы шыныталшықтан жасалған. Артындағы реактивті қозғалтқыштың түтігі және басқа компоненттер Harrier ұшағынан алынған. Бұл реплика трюктерді орындауға арналған, түтігінен от шығып тұрады.

Машина 1992-1994 жылдары паркте қолданылған. Аукционшылар оны 220 000-260 000 доллар арасында сату жоспарлап отыр. Айта кету керек, бэтмобильдің репликасы өте сирек сатылатын көлік түрі. 2021 жылы Теміртау тұрғыны осындай көлікті жасап, оны 425 млн теңгеге сатуды көздеген.

Классический бэтмобиль пустят с молотка в США