Geely E5 батареясы танк сынағынан сүрінбей өтті
Geely электрокроссоверінің батареясының қауіпсіздік сынағы

Geely E5 электрокроссоверінің батареясын ерекше сынақтан өткізді. Қытай армиясының 36 тонналық ZTZ-59D танкі алдымен аккумуляторды, кейін оның кейбір компонентін басып өтті. Бұдан құрылғыға ешқандай механикалық зақым келмеген.

Geely сынақ кезінде аккумулятордың қысымы ұлттық стандартта белгіленген қауіпсіздік шегінен 1.8 есеге жоғары екенін атап өтті. Кейін батареяны тексерген кезде концерн инженерлері ешқандай ақау таппады, аккумулятор танк салмағына толық шыдас берген.
Қауіпсіздік стандарттары
Марка өзгеше сынақты Қытайда электрокар батареясына қойылған жаңа, қатаң қауіпсіздік талабына орай өткізіп отыр. Жаңа ереже 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Geely E5 аккумуляторы жаңа ұлттық стандартқа сәйкес келетінін, қатаң стандарт бойынша сертификаттауға дайын екенін мәлімдеді.
Экстремалды сынақтар
Компанияның Aegis Gloden Break деп аталатын фирмалық аккумуляторы 36 экстремалды сценарий бойынша сынақтан өтеді. Келер жылы жаздан бастап қана міндетті болатынына қарамастан, концерн сынақ бағдарламасына батарея астын соққыдан қорғау сынамасын енгізді.
Болашақ жоспарлары
Geely болашақта электрокарға арналған әлемдегі ең үлкен сынақ зертханасын ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ концерн батарея қауіпсіздігі саласындағы кейбір патентін ашық етіп, өз технологиясын бәсекелестеріне қолжетімді етпек.