Cadillac жаңа Optiq-V электрокарын таныстырды
Cadillac-тың электромобильдер әлеміндегі жаңа қадамы

Cadillac спорттық V-Series тобына жаңа электрокарды қосты. Бұл — Lyriq-тен кейінгі екінші модель. V индексімен шыққан Optiq-тің қуаты бір жарым есе артты, ал жаңа модельдің өндірісі биыл күзде басталады.

Cadillac-тың шағын кроссовері АҚШ-та екі мотормен ұсынылады. Базалық нұсқа 300 ат күшіне тең агрегатпен жабдықталса, Optiq-V-дің қуаты 519 ат күшіне (880 Нм) жетеді. Салмағы 2.5 тоннаға жуық электромобиль 60 мильді 3.5 секундта еңсереді. Стандартты лаунч-бақылау жүйесі мен Velocity Max режимі арқылы қуаттылығын арттыруға болады.

Жаңа Optiq-V нұсқасында 85 киловаттік батарея сақталады, бірақ жүріс қоры қарапайым модельден 43 шақырымға азайды. Америкалық EPA циклі бойынша Optiq-V 443 км жүре алады. Көлік NACS стандартына сай қуаттау портын алады, бұл Tesla станцияларында қуат алуға мүмкіндік береді. 113 шақырымдық жүріс қорын 10 минутта толтыруға болады.

Дизайн мен сипаттамалар
Жаңа Deep Ocean деп аталатын шанақ түсімен қатар, модель карбоннан жасалған аэродинамикалық элементтермен, бірегей радиатор торымен, 21 дюймдік жаңа дискілермен, Brembo тежеуішімен және арнайы жиналған шинамен жабдықталады. Бренд спорттық баптаулары бар амортизаторларды орнататын болады, ал жүріс электроникасы тартым векторын басқара алады.
Салондағы жаңа рөл мен карбон қаптамалар спорттық сипат береді, ал қосымша ақы төлеп, интерьерін көк түсті ендірмелермен әрлеуге болады. 33 дюймдік дисплей мен 19 AKG динамигі бар.
Сату мен баға
Cadillac Optiq-V АҚШ, Канада, Мексика мен Таяу Шығыста ресми түрде сатылуда. АҚШ-тағы құны 68 795 доллардан (35 млн теңге) басталады.