Ле-Мандағы жарыстар: Артемьевтің тамаша мүмкіндігі
Қазақстандық автоспорттың жетістіктері

Францияда өтетін «Ле-Мандағы 24 сағат» марафонына дайындық қызу жүріп жатыр. Жарысқа дейін трассада Ford Mustang Challenge және Porsche Sprint Challenge сынды қолдау жарыстары ұйымдастырылады. Қазақстандық автоспорт жанкүйерлері үшін Porsche Sprint Challenge ерекше мәнге ие, өйткені онда 10-нөмірлі Porsche 911 GT3 Cup көлігін тізгіндейтін Александр Артемьев Schumacher IMSA Racing Team командасының сапында бақ сынайды.

Ұйымдастырушылар бүгін, Астана уақыты бойынша 18:10-да және сенбі, 14 маусым, сағат 19:00-де «Ле-Мандағы 24 сағат» марафонын алдын ала екі 45 минуттық жарыспен бастамақ.
Александр жарыс нәтижелерін Instagram парақшасында жариялайтын болады. Тікелей эфирді көрем деушілер [осы сілтемеге](https://www.instagram.com/reel/DKv6jlXoGtN/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=loading) өтіп, оны тамашалай алады.
Gorilla Drift Street Legal, үшінші кезең, 14–15 маусым

Алматы маңындағы Sokol кешенінде 14-15 маусымда Gorilla Drift Street Legal сериясының үшінші кезеңі өтеді. Жарысқа қатысатын отандық дрифтерлермен қатар, Қырғызстаннан келген белгілі дрифтерлер де төрешілік жасайды.
14 маусымда 12:00-де жаттығу сессиясы мен іріктеу кезеңі басталады, ал жексенбі, 15 маусымда жұптық дрифт жарысы өтеді. Жарыс 13:00-де басталып, қонақтар алаңға 11:00-ден бастап кіре алады.
Жарыс күні билет бағасы: сенбіде – 2500 теңге, жексенбіде – 2500-6000 теңге. Билеттерді showmarket.kz сайтынан немесе Sokol кассасынан сатып алуға болады.