Mazda CX-5-тің жаңа буынының алғашқы суреттері жарияланды
Кроссовердің дизайны мен техникалық сипаттамалары өзгерді

Желіде үшінші буындағы Mazda CX-5-тің алғашқы камуфляжсыз суреті пайда болды. Суретті Cochespias басылымы жариялады. Көптеген ақпарат көздері кроссовердің премьерасы жақында өтетінін болжайды. Жаңартылған модельдің сыртқы түрі мен техникалық сипаттамалары да елеулі өзгерістерге ұшыраған.
Mazda CX-5 өзінің бұрынғы танымал бейнесін сақтап қалатын болады, алайда дизайнында бірқатар жаңа ерекшеліктер бар. Мысалы:
- Радиатор торының пішіні мен құрылымы өзгерді;
- Бампер мен жарық диодты техникасы жаңарды;
- Артқы тіректің дизайны мен жаңа бампердің бірегей шамы пайда болды.

Автокөліктің мотор ассортиментіне Mazda әзірлеген гибридті күштік құрылым қосылатын болады. Көліктің алғашқы шығарылымы іштен жанатын қозғалтқышпен болады, ал 2026 жылы бензоэлектрлі агрегат пайда болады. 2027 жылы жаңа Skyactiv-Z моторына көшу жоспарланып отыр. Ескерте кететін жайт, қазіргі Mazda кроссоверлеріндегі алты цилиндрлі қозғалтқыш жаңа модельде болмайды, себебі CX-5-тің платформасы өзгерген.
Суреттерді түсірген тыңшылар автомобильді ресми жарнамаға арналған фотосессия кезінде түсірген.
Осылайша, бренд ресми тұсаукесерге дайындық жүргізіп жатқаны анық. Жаңа Mazda CX-5-тің таныстырылымы биыл жаздың екінші жартысында немесе күздің басында өтуі ықтимал.