Алматыда Яссауи көшесі жабылады
Жөндеу жұмыстарының мерзімі мен жүргізілу барысы
👁️ 9

Сурет: kolesa.kz
23 маусым мен 30 тамыз аралығында Алматы қаласының Саин — Шаляпин — Яссауи — Жандосов көшелерінде құбыр ауыстырылатын болады. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында Яссауи көшесіндегі жұмыстар төрт кезеңге бөлінген.

- Жандосов көшесінен Степная көшесіне дейін — 23 маусымнан 8 шілдеге дейін.
- Степная көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін — 8 шілдеден 21 шілдеге дейін.
- Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесіндегі № 13а-үйге дейін — 21 шілдеден 10 тамызға дейін.
- Яссауи көшесіндегі № 13а-үйден Шаляпин көшесіне дейін — 10 тамыздан 31 тамызға дейін.
Сондықтан, жүргізушілер өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, маршруттарын өзгертуін ескертеміз.