Toyota жаңа Alphard және Vellfire модельдерін таныстырды

Гибрид моторы мен жайлылығы өзгеше нұсқалар

👁️ 5
Сурет: kolesa.kz

Toyota компаниясы Alphard және Vellfire модельдерінің жаңа түрленімін ұсынды. Бұл топтаманың ерекшелігі сол, мотор гаммасы гибрид күштік құрылыммен толығады. Сонымен қатар Alphard-тың аса жайлы төрт орынды нұсқасы болады. Машина 31 қаңтарда саудаға шығады.

Жаңа моделдердің техникалық сипаттамалары

2.5 литрлік іштен жанатын қозғалтқышқа негізделген жаңа күштік құрылым 306 ат күшін береді және E-Four гибрид толық жетек жүйесімен жұмыс істейді. Литий-ионды аккумулятор вэннің электр күшімен 73 км жүруіне мүмкіндік береді. Көлікті күнделікті қолданғанда дәстүрлі моторын іске қоспауға болады екен. Гибрид режимінде 100 шақырымға 6 литрден аз жанармай жұмсайды.

Toyota Alphard стал четырёхместным <nobr>плагин-гибридом</nobr>

Дизайн және жайлылық

Компания Alphard пен Vellfire-дің басты артықшылығы аса жайлы акустикасында деп есептейді. Плагин-гибрид басқа күштік құрылым алған модельдерден әлдеқайда тыныш. Тағы бір ерекшелігі – вэндер сыртқа электр қуатын бере алады. Мысалы, вэн аккумуляторымен кемпинг жабдығын не үйдегі құрылғыларды қуаттауға болады.

Alphard пен Vellfire My Room деп аталатын айрықша жүйеге ие. Оны іске қосқанда кондиционер мен медиажүйе аккумулятордан қуат ала бастайды. Яғни, батарея толтырғанда не тұрақта тұрғанда бензинді моторды қосудың қажеті жоқ.

Spacious Lounge нұсқасы

Alphard-тың Spacious Lounge атауын алған жаңа нұсқасы Lexus LM-нің қолжетімді баламасы саналады. Мұндай машинаның жолаушылар отыратын бөлігінде тек екі кресло тұрады. Олар жеке реттегішпен, аяқ қойғышпен жабдықталған, бас тірегішінде динамик бар.

Ортаңғы қатардан бас тартқандықтан, 420 мм кеңістік пайда болды. Сымсыз қуаттағыштар, тоңазытқыш және зат сақтайтын қосымша орындар көзге түседі. Салонды бөліп тұратын аралық жоқ, оның орнына перде қойыпты.

Toyota Alphard төрт орынды плагин-гибрид болды

Құны мен саудаға шығу мерзімі

Бастапқыда жаңарған модельдер 10 650 000 иен (35.6 млн теңге) тұратын Executive Lounge комплектациясында ғана сатылады. Ал төрт орынды Alphard-тың құны әлі аталмады.