Toyota Roomy тюнингпен Land Cruiser-ге айналды
Ситикарлар мен тюнинг туралы қызықты деректер
Дaihatsu Thor және Subaru Justy секілді кей-кар санатына кірмейтін Toyota Roomy туралы жаңа ақпарат.
Ұзындығы 3.7 метр болатын Toyota Roomy моделі вариатормен жұптасқан 1 литрлік 3 цилиндрлі бензинді мотормен жабдықталған. Атмосфералы қозғалтқыш 69 ат күшімен жұмыс істейді, ал турбомоторы 97 ат күшін береді. Өндірісі 2016 жылы басталған бұл ситикарларға Жапония көлемінде сұраныс едәуір жоғары.
Токио автосалоны қарсаңында жапониялық ESB Style ательесі Roomy, Thor және Justy модельдеріне түбегейлі өзгертулер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Зерттеу нәтижесінде олар кішігірім TLC 300 тюнинг-жинағын әзірледі. Жинақтың құрамына мыналар кіреді:
- жаңа радиатор торы
- бампер
- жол саңылауын 30 мм-ге ұлғайтуға мүмкіндік беретін фирмалық серіппелер
Бұл параметрлермен толық жетекті модель жолсыз жерде де жүре алады.
Landc Roomy және оның мүмкіндіктері
Landc Roomy атты микровэн ақ түсті болат дискілермен, Toyo Open Country R/T шинасымен, шатырдағы қосымша жүксалғышпен және матраспен жабдықталған. Артқы орындықтарды жазу арқылы екі адамға арналған жатын орынға айналдыруға болады.
Тюнинг-пакеттің құны - матрасты қосқанда 295 мың иен (шамамен 1870 доллар).
Ал Toyota Roomy-дің базалық бағасы 1.74–2.29 миллион иен (11–14.5 мың доллар) тұрады.