1990 жылдары шыққан Alfa Romeo купесінің сатылымы
Танымал купе коллекционерлер арасында сұранысқа ие
Болид сататын танымал порталдардың бірінде ерекше купе пайда болды. Ол 1990 жылдары жарыс жолына шығу үшін арнайы жасалған автомобиль.
Модель туралы ақпарат
Біз сөз етіп отырған экземпляр 1993 жылы шыққан. Екі есікті көлік Монако гран-приінде алғаш бой көрсеткен, кейін Supercar GT сериясына қатысты. Мансабы аяқталар шақта SZ Trofeo Формула-1 шабандозы Андреа Де Адамичтің қолына түскен. Спортшы сырт пішіні ерекше және ішінде қауіпсіздік каркасы бар темір тұлпар күнделікті мінуге жарайды деп шешіпті.
- 1993 жылы шығарылған
- Монако гран-приінде дебют жасады
- Формула-1 шабандозы Андреа Де Адамичке тиесілі
Көлік тарихы
Шабандоз 10 жыл иелік еткенмен, көп қолданбаған сияқты. Өйткені осы уақытқа дейін модель небәрі 22 мың км жүрген. SZ Trofeo қазір голландиялық коллекционердің меншігінде және Германияда есепте тұр. Соңғы жылдары трекке қатысыпты, соның бірінде Вальтер Рёрл жүргізген.
Техникалық сипаттамалары
Alfa Romeo SZ Trofeo 5 сатылы механикамен жұмыс істейтін 3 литрлік V6 көмегімен қозғалады. Спорттық машинадағы мотордың нақты қуаты белгісіз, бірақ әдетте 210 ат күшіне дейін жетеді,» - дейді сарапшылар.
Бағасы мен ұсынысы
Сатушылар SZ Trofeo үшін 185 мың евро сұрап отыр. Бағасы тым жоғары көрінеді, дегенмен екі есікті қарапайым SZ-тің өзін табу өте қиын екенін ескерткен жөн. Мұндай модельдің небәрі 1036 данасы жарық көрген, ал атауында Trofeo қосымшасы бар нұсқа саны 13-тен аспайды.