Jeep Cherokee атауын өзгертуді жоспарлауда
Jeep жаңа модель атауында Cherokee атауынан бас тартуы мүмкін
2021 жылы Чероки халқының басшысы Jeep компаниясынан өз халқына қатысты қасиетті атауларды қолданбауды сұраған. Компания өкілдері сол уақытта нақты жауап бермегенімен, Cherokee моделін бұрынғы атауымен шығара берді.
2023 жылға дейін сұраныс күрт төмендегендіктен, Cherokee моделі өндірістен алынып тасталды. Бренд осы үлгінің орнына бензин және гибрид қозғалтқышы бар жаңа орташа өлшемді D сегментіндегі кроссоверді шығаруды жоспарлап отыр. Алайда, жаңадан шығарылатын көліктің атауы әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.
Тұсаукесерге арналған құжатта автомобилді уақытша New Mainstream UV (Utility Vehicle) деп атаған. Бұған дейін Stellantis компаниясы үш жаңа Jeep моделін таныстыруды жоспарлаған болатын. Carscoops басылымы, марканың Cherokee атауынан бас тартуы мүмкін екенін атап өтті, себебі нақты ақпарат және шешім шықпаған.
Сонымен қатар, Grand Cherokee моделі әлі де саудада, бірақ үндіс тұрғындарының оған қатысты наразы екені айтылып жүр. Бұған дейін Cleveland Indians және Washington Redskins сынды танымал спорт командалары да даулы атауларынан бас тартқан болатын.