Жолсызға арналған Porsche 911 Dakar қайта оралуда

Гибридті жүйе және қуаттылықтың артуы

👁️ 20
Сурет: kolesa.kz

Жолсызға арналған Porsche 911 модификациясы топтамаға қайта қосылады. Autocar басылымының дереккөздері хабарлағандай, 911 Dakar гибрид агрегаталып, одан да жылдам болады. Компания 2025 жылдың аяғында өндірісті бастайды.

Внедорожный Porsche 911 вернётся гибридом Внедорожный Porsche 911 вернётся гибридом Внедорожный Porsche 911 вернётся гибридом Внедорожный Porsche 911 вернётся гибридом

Инсайдерлер жаңарған модельге 911 GTS-тегі T-Hybrid күштік құрылымы орнатылып, қуаты артатындығын мәлімдеді. Алдыңғы нұсқасы 480 ат күшіне ие 6 цилиндрлі мотормен жабдықталса, қазіргі 911 GTS жалпы қуаты 541 ат күшіне (610 Нм) тең 3.6 литрлік турбомотор мен электрлі қозғалтқыштан тұрады. Бұл жаңалықтардың нәтижесінде динамикасы да жақсарады.

Бұрын Dakar алғашқы жүздікті 3.4 секундта еңсерсе, енді бұл көрсеткіш 3 секундқа дейін қысқаруы мүмкін.
Внедорожный Porsche 911 вернётся гибридом

911-дің батарея сыйымдылығы небәрі 1.9 кВт⋅сағ болғандықтан, ол электр қуатымен жүре алмайды. Дегенмен, электромотордың арқасында отынды аз тұтынады. Бұл жаңалық автомобильдің құнына әсер етеді: бұрын 911 Dakar-дың бағасы шамамен 220 мың доллардан басталса, жаңа нұсқасының бағасы 250 мың долларға жетуі мүмкін.

Бренд рестайлингке дейінгі 911 Dakar-ды құрастыруды былтыр қарашада аяқтады. Ал жаңа өнімнің өндіріс көлемі бұрынғыдай 2.5 мың экземпляр деңгейінде қалуы мүмкін.