BYD жаңа дронды көлігімен әлемді таң қалдыруда
Дронды көліктер – жаңа дәуірдің бастамасы

2023 жылы компания Yangwang U8 жол талғамайтын көлігімен ерекше технологияның концептісін көрсетті. Автомобильдің үстінде квадрокоптер орналасқан, ол шатырдағы бокста сақталады және әуеден фото мен видео түсіруге мүмкіндік береді. 2025 жылдың басына қарай, бұл жүйе бірнеше сериялық модельдердің опциялар тізіміне енгізіледі.

Ling Yuan: жаңа дронды көлік
Жаңа өнімнің атауы Ling Yuan, ол әлемдегі жетекші дрон өндіруші — DJI компаниясымен бірлесе отырып әзірленген. Дрон 4K камерасы бар квадрокоптермен жабдықталған және көліктің шатырына бекітіліп, автоматты түрде ашылатын бокспен келеді.

Қолдану және функционалдық мүмкіндіктер
Дронды пайдалану өте қарапайым: бір батырмамен қосылады. Қозғалыс кезінде қосылу үшін жылдамдық 25 км/сағ-тан аспауы керек. Кішкентай квадрокоптер 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктің соңынан ұшып, айналасын түсіреді. Түсірілім аяқталған соң дрон боксқа қайта оралып, сол жерде зарядталады. 20%-дан 80%-ға дейін қуаттау үшін 30 минут жеткілікті.
Дронды басқару үшін көліктің мультимедиа жүйесін немесе смартфонды қолдану қажет; арнайы қосымша орнату керек.

Бағасы мен модельдері
Ling Yuan-нің бағасы 16 мың юаньнан (миллион теңгеге жуық) басталады. Дронды BYD-дің жеті моделімен бірге сатып алуға болады. Тізімде:
- Yangwang U8
- Leopard 5
- Leopard 8
- Denza N9
- BYD Tang L
- Гибрид Sealion 07 DM-i
Келешекте мұндай дрондар нарықта кеңінен таралуы мүмкін және автоөнеркәсіптегі жаңа трендтердің бастаушылары бола алады.