Алматы облысында қар көшкіні түсті

Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні туралы ақпарат.

👁️ 22
Сурет: inalmaty.kz

Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні орын алды. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.

23 наурыз күні таңғы 8:28-де «Түрген ауылы – Батам учаскесі» облыстық маңызы бар автожолының 23-24 шақырымында қар көшкіні өздігінен пайда болды. «Көшкіннің себебі – қар жамылғысының тұрақсыздығы және таулардағы қар көлемінің көп болуы. Көшкіннің параметрлері нақтыланып жатыр», – деп атап өтті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Көшкін орын алған жерге екі құтқарушы мен екі арнайы техника жіберілді.