Ақтөбеде «Мерген ару - 2025» чемпионаты өтті
Ақтөбе қаласында мектеп оқушылары арасында ату чемпионаты өтті.

Ақтөбе қаласында 26 наурыздан бастап республика бойынша қатысушыларды біріктірген «Мерген ару - 2025» атты республикалық ату чемпионаты өтіп жатыр, хабарлайды Актобе Таймс.
Бұл сайысқа Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Түркістан, Абай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан мектеп оқушылары қатысуда. Бұдан басқа, «Әскери дайындық негіздері» пәнінің мұғалімдері де турнирге атсалысты.
Жарыстар екі күн бойы №55 орта мектеп-гимназиясының тирінде өткізіліп, сайыстың қорытындысында жекелей және командалық есепте ең үздіктер анықталады. I, II және III орынды иеленген қатысушылар Алия Молдагулова атындағы облыстық мемориалдық музейдің атынан дипломдар, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.
«Бұл чемпионат тек жарыс қана емес, сонымен қатар жастар арасында спортты насихаттаудың бір жолы».