Қазақстанда племенной птицерепродуктор құрылмақ

Қазақстанда Alhusaini Group племенной птицерепродуктор салады.

👁️ 19
Сурет: eldala.kz

Alhusaini Group Қазақстанда племенной птицерепродуктор салуды жоспарлап отыр. Жоба бойынша Қазақстан тарапынан серіктес ретінде Aitas KZ вертикальді интеграцияланған ет өндіру холдингі шығады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Жобаны жүзеге асыру мәселелері ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Alhusaini Group компаниясының өкілі Абделрахим Мохаммад Аль-Хуссейни арасында өткен кездесуде талқыланды.

Инвестордың айтуынша, кәсіпорынның қуаты жылына 100 миллион инкубациялық жұмыртқаны құрайды. Жалпы инвестиция көлемі 85 миллион долларға жоспарлануда. Репродуктордың құрылысын осы жылы бастау жоспарланып, жобаның кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы 2029 жылға дейін созылады.

  • Негізгі өнімді сату нарығы Қазақстан болады.
  • 30% өнім көлемі экспортқа жіберіледі.
«Сіздердің ұсынған жобаларыңыз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін үлкен маңызға ие. Біз оның жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Айдарбек Сапаров.

Alhusaini Group Al Jazeera Agricultural Company және Al Sidra секілді тауық етін өндіретін компаниялардың иесі болып табылады.