Алматыда ұмытылған заттарды қайтару алгоритмі
Жолаушылар қоғамдық көлікте ұмытылған заттарды қалай қайтару керектігін біледі.

Қоғамдық көлікте жолаушылардың жиі кездесетін мәселелерінің бірі — ұмытылған заттар. Әсіресе, асығыс жүргенде немесе ауысып отырған кезде заттарды ұмытатын жағдайлар көптеп кездеседі,- деп хабарлайды inalmaty.kz журналисті.
Алматы қаласындағы "Алматыэлектротранс" компаниясының мамандарының айтуынша, ұмытылған заттарды қайтару барысында ең тиімді тәсіл — бұл жолаушылардың компаниямен WhatsApp арқылы жедел байланысқа түсуі. Әдетте, заттарын тапқан жолаушылар оны дереу иесіне қайтарып береді.
Заттар жоғалған жағдайда не істеу керек?
Егер сіз заттың жоқ екенін ертеңгі күні ғана байқасаңыз, оны тауып алу мүмкіндігі азаятынын ескеру қажет. Әсіресе, ноутбук немесе телефон сияқты құнды заттар басқа жолаушылар тарапынан алынып кетуі ықтимал. Мұндай жағдайда полиция шақырып, шара қабылдау қажет,- деді компания өкілдері.
Ұмытылған заттарды қайтару алгоритмі:
- 1. Компаниямен жедел байланысыңыз: Заттарыңызды тезірек қайтару үшін, WhatsApp нөміріне жазыңыз. Жасалған жолды, автобустың нөмірін, заттың сипаттамасын және қоғамдық көлікте қайда ұмытылғанын нақтылаңыз.
- 2. Автобустың нөмірін есіңізге түсіре алмасаңыз: Билеттің суретін жіберіңіз немесе оны сатып алған қосымшадан ақпарат алыңыз.
- 3. Егер жүргізуші затты таппаса: Келесі қадам — автобустың ішіндегі камерадан жазбаны қарап шығу. Бұл үшін полицияға өтініш жазу керек, тек құқық қорғау органының қызметкері видеоны алуға бастамашылық ете алады.
«Жолаушылардың қауіпсіздігі мен заттарын қайтару шаралары біз үшін өте маңызды».- Алматыэлектротранс компаниясының өкілі.