Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алматыда демалыс күндері ауа райы өзгермелі болады.
👁️ 25

Сурет: inalmaty.kz
Синоптиктер алматылықтар мен қала қонақтарын алдағы демалыс күндері ауа райымен таныстырды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
3 мамырдағы ауа райы
3 мамырда Алматыда өзгермелі бұлттылық күтіледі. Түнгі уақытта жаңбыр мен найзағайдың болуы мүмкін.
- Жел батыс-солтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с болады.
- Найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
- Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 22-24 градус болады.
4 мамырдағы ауа райы
4 мамырда өзгермелі бұлттылық сақталады, жаңбыр күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.
- Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.
- Түнгі ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 25-27 градус болады.
5 мамырдағы ауа райы
5 мамырда да өзгермелі бұлттылық, бірақ жаңбыр болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с болады.
- Түнгі температура 13-15 градус, күндіз 27-29 градус болады.
Демалыс күндері Алматы тұрғындары мен қонақтарын жақсы ауа райы күтуде.