Дженнифер Лопес концертінің алдындағы футбол матчы ауыстырылды
Дженнифер Лопестің концертіне байланысты футбол матчы ауыстырылды.

Дженнифер Лопестің концерті ұйымдастырушылары, сондай-ақ ФК «Кайрат» басшылығы мен қала қызметтері халықаралық шараны жоспарланған мерзімде өткізу үшін футбол матчын ауыстыру туралы келісімге келді - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Американдық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне байланысты ФК «Кайрат» және қала Спорттық нысандар дирекциясымен келісімге қол жеткізілді. Концерт 10 тамызда өтеді. Осы келісім аясында Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы «Кайрат» пен «Женіс» арасындағы матч 21 қыркүйекке ауыстырылды.
Бұл шара мәдени іс-шараны дайындау мен өткізу уақытында кедергі болмауы үшін жасалды. Сонымен қатар, «Кайрат» клубының 7 және 12 тамызда өтетін еурокубоктық матчтары өзгеріссіз қалады және бұрын белгіленген кесте бойынша өтеді.
Концерт билеттерінің сатылымы 28 мамыр күні таңғы 10:00-де басталады.