Алматыда «Bala Fest-2025» мерекесіне байланысты қозғалыс шектеледі
Алматыда 1 маусым күні Толе би даңғылында қозғалыс уақытша шектелетін болады.
👁️ 14

Сурет: inalmaty.kz
Алматыда 1 маусымда Толе би даңғылында уақытша автокөлік қозғалысы шектеледі. Шара 9:00-ден 15:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі учаскеде өтеді - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Алматы полициясының департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын Толе би даңғылы бойынша учаскенің екі бағытта уақытша жабылатыны туралы хабардар етті. Көліктің қозғалысын шектеудің себебі - Балалар күніне арналған «Bala Fest-2025» мерекелік шарасын өткізу.
Қала полициясы жол қозғалысы қатысушыларына алдын-ала уақыты мен маршруттарын жоспарлауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.