Солтүстік Қазақстандағы вакцинация мәселесі күрделі

Солтүстік Қазақстанда мал вакцинациясының проблемалары анықталды.

👁️ 13
Сурет: eldala.kz

Солтүстік Қазақстан облысында малды жалған вакцинациялау фактілері анықталды. Сонымен қатар, өңірде сойыс орындарының тапшылығы бар, сібір жарасының көму орындарының және мал қорымдарының жағдайы да қатты алаңдатып отыр - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Соңғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысында ветеринариялық ахуалға алаңдаушылық туындап отыр. Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуын бақылайтын комиссия отырысында 2023 жыл мен 2024 жылдың 9 айындағы заңбұзушылықтар талқыланды.

  • Бруцеллез ауруымен ауырған ірі қара мал саны 272-ден 613-ке көбейді.
  • Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі 11 519-дан 13 395-ке артты.

Облыс прокуроры уәкілетті мемлекеттік органдардан жыл өткен сайын қайталанатын құқықбұзушылықтарды жоюды, сібір жарасының көму орындары мен мал қорымдарын ретке келтіруді және жаңа сойыс орындарын ашу мәселелерін шешуді талап етті.

Облыс әкімдігіне аймақтағы эпизоотиялық жағдайды жақсарту үшін ұзақ мерзімді өңірлік бағдарламаны әзірлеу ұсынылды. Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше бақылауға алынды.