Ақтөбе облысында интернет инфрақұрылымы жақсарады
Ақтөбе облысындағы интернет инфрақұрылымын дамыту жоспары жарияланды.
👁️ 6
Сурет: aktobetimes.kz
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар 340 шақырым автожолда 17 мұнара орнатылып, интернет инфрақұрылымы жаңаруда. Хабарлайды Актобе Таймс.
Ақтөбе облысының әкімдігі интернет инфрақұрылымының даму барысы мен жоспарларын жариялады. 2025 жылға қарай аймақта интернетпен қамту жаңа деңгейге жетеді, оның ішінде:
- 17 мұнара республикалық жолдарда орнатылып, 340 шақырым трассаны мобильді байланыспен қамтамасыз етеді;
- 27 ауыл интернетке қосылып, жалпы қолжетімділікті 98,8%-ға арттырады;
- Биылғы жылдың соңына дейін 20 ауылда мобильді интернет пайда болады, осының нәтижесінде қамту 96,3%-ға жетеді;
- Starlink технологиясы арқылы 46 ауыл мектебі интернет желісіне қосылып, білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Естеріңізге сала кетейік, Starlink – SpaceX компаниясының жасап шығарған глобалді спутник жүйесі, фирманың басшысы америкалық миллиардер Илон Маск.
2024 жылдың ақпанында ҚР Мәжілісі Starlink жүйесін елде пайдалану жөніндегі заңды мақұлдады.