IL-TOV жарқын болашаққа қадам басты
IL-TOV компаниясы өндіріс қуатын арттыруда.
IL-TOV компаниясы биыл Ақмола облысында тауық еті өнімдерін өңдеу зауытын ашты, қуатын арттыруда. Қазіргі уақытта компания жылына 3 346 тонна өнім шығарады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
2025 жылы жаңа екі өндірістік желіні іске қосқаннан кейін өндіріс қуаты 10 мың – 12 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Компания өндірісті кеңейтуге шамамен 4 миллиард теңге инвестициялайды. Зауыт Қазақстан мен Орталық Азиядағы осындай алғашқы мекеме болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде атап өткендей, компания заманауи жабдықтар мен еуропалық технологияларды қолдана отырып, өнімнің сапасын қамтамасыз етуде. Технология үйде тұтынуға дайын өнімдерді 90% дайындап, кейін жылдам салқындатуды қамтамасыз етеді. Бұл өнімдердің сақталу мерзімін 90 күнге дейін арттырады, бірақ сапасына зиян келтірмейді.
Болашақ жоспарлар
Алдағы уақытта IL-TOV жаңа өндірістерді енгізуді жоспарлап отыр.
«Компанияның жаһандық мақсаты – халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ететін тамақ өңдеу кәсіпорындарын салу. Зауытта көкөніс сақтау қоймалары, салқындату және мұздату камералары, ет және балық өңдеу комбинаттары, көкөніс базалары, асүйлер, салаттар мен ұн өнімдерін өндіру цехтары, сондай-ақ тасымалдау-экспедициялық кешендер болады», - деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.