Қазақстан мен Түркия фитосанитарлық қауіпсіздік саласында келісімге келді
Қазақстан мен Түркия арасындағы фитосанитарлық келісім ратификацияланды.
Мәжіліс Қазақстан мен Түркия арасындағы карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Мәжіліс пресс-қызметі хабарлады.
Келісім фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумақтарында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында жасалған.
Ратификация тараптар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға ықпал етеді. Келісім бойынша бірнеше міндеттемелер белгіленеді. Енді елдер заң актілерін, карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізімдерін және карантин мен өсімдіктерді қорғауға қатысты басқа да ережелермен алмасуға міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия фитосанитарлық жағдай және карантиндік зиянды организмдерді анықтау мен тарату жағдайлары туралы өзара ақпарат беруді міндетіне алды, сондай-ақ олардың күрес әдістері мен бақылау шараларын да талқылайтын болады.
- Ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту;
- Импорт және экспорт операциялары кезінде бірлескен шараларды реттеу;
- Импортталатын жүкке қойылатын талаптарды анықтау.
Келісім сондай-ақ карантиндік материалдармен жүргізілетін импорт және экспорт операцияларында бірлескен шараларды реттейді.