Алматыда блогерлердің пара алғаны белгілі болды
Алматыда блогерлердің пара алғаны белгілі болды.
👁️ 12
Сурет: inalmaty.kz
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кәсіпкер мен екі блогер зардап шегушінің шағымы негізінде қамалған.
- Күдіктілер бопсалау және әлеуметтік желілерде компромат жариялау арқылы 8 миллион теңге талап еткен.
- Олар сондай-ақ, кәсіпкерді 20 миллион теңге көлеміндегі сот шешімі бойынша шығыннан бас тартуға көндірмек болған.
- Күдіктілер 10 миллион теңге алған кезде ұсталған.
Олардың уақытша қамауда болатын орнына орналастырылғаны хабарланды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.