Алматы әуежайы автотұрақ бағасын көтеруден бас тартты
Алматы әуежайына антимонопольдық орган тарапынан ескерту жасалды.
👁️ 31

Сурет: inalmaty.kz
Алматы қаласындағы Конкуренцияны қорғау және дамыту агенттігі Алматы халықаралық әуежайына Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзбау туралы ескерту жасады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, ескерту себебі Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі тарапынан 2024 жылдың желтоқсанында автотұрақ қызметінің бағасын 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеру жоспарланғаны туралы хабарлама болды.
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 198-бабына сәйкес, антимонопольдық орган нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне заңнама нормаларын бұзуға әкелетін әрекеттерді жүзеге асырмау туралы ескертулер жіберу құқығына ие», - деп атап өтті ведомство.
Осы себепті, Алматы халықаралық әуежайы автотұрақ тарифтерін көтеруден бас тартты. Жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар бұл шешімді қуанышпен қабылдады.