Алматы облысында 6 ақпанда ескертпе жүйесін тексереді

6 ақпанда Алматы облысында ескертпе жүйесін тексеру жүргізіледі.

👁️ 9
Сурет: inalmaty.kz

Ескертпе жүйесін тексеру 6 ақпанда, сағат 11:00-де жүргізіледі, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Тексеру барысында электросиреналар мен дауыс зорайтқыштар қосылады.

  • Ведомство тұрғындарды абыржуға салынбауға және түсіністікпен қарауға шақырады.

Сигнал үйде болғанда не істеу керек:

  1. Радио, радиотрансляциялық және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
  2. Шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  3. Жіберілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Сигнал көшеде болғанда не істеу керек:

  1. Көшедегі динамиктер мен жылжымалы хабарландыру құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  2. Хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
“Осыған байланысты, абыржып кетпеулеріңізді және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.”
— Алматы облысының ТЖД басшылығы.