Қазақстан Еуропа одағына бал экспорттауға лицензия алды
Қазақстанның Еуропа одағына бал экспорттау рұқсатын алғаны туралы жаңалық.

Қазақстан ресми түрде Еуропа Одағына бал экспорттауға рұқсат алды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Рұсаттың ресми жариялануы
Еуропалық комиссияның тиісті қаулысы 2025 жылдың 21 ақпанында жарияланды. Бұл шешім жарияланған күннен кейін 20-шы күні күшіне енеді.
Масштабты жұмыс
«Министрлік балдың қалдық заттарын мониторингтеу жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу және енгізу бойынша кең ауқымды жұмыс атқарды, бұл Қазақстанды Еуропа Одағында бал экспорттауға құқық беретін мемлекеттер тізіміне енгізудің маңызды кезеңі болды», - деп атап өтті министрлікте.
Әдістемелік семинарлар, консультациялар және тексерулер өткізілді, олардың мақсаты Еуропа Одағының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету болды.
Экспортқа рұсат алу талаптары
- Еуропа Одағының өнімге қойылатын нормативтеріне сай болуы.
- Экспортқа рұсат етілген кәсіпорындар тізіміне қосылу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыну.
Талап етілетін құжаттар тізімі
Еуропалық комиссияның талаптарына сәйкес, жергілікті инспекция комитетке мына құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Кәсіпорынның ЕО-ға сәйкес келетіндігі жөнінде кепіл хат.
- Кәсіпорынға жүргізілген ветеринарлық бақылау және қадағалау актілері.
- Кәсіпорында өндірістік бақылау жүйесінің және ХАССП жүйесінің жұмыс істеп тұрғанын растайтын құжаттар.
- Кәсіпорынның деректері міндетті түрде ағылшын және орыс тілдерінде толтырылған кесте.
«Комитет ұсынылған құжаттарды қарап, оларды кейінірек TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропа Одағының комиссиясына жіберуге дайындайды», - деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігінде.