Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа орталық ашылды
Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімді ратификациялады.

Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Халықаралық «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығын реттеу жөніндегі келісімді ратификациялады. Бұл келісімнің мақсаты өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бойынша ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тартуға қолдау көрсету және сауда-экономикалық қатынастарды жақсарту болып табылады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Орталықтың негізгі міндеттері
Халықаралық «Орталық Азия» орталығы Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіптік кооперациясы, экономикалық және инвестициялық серіктестік кешені болып табылады. Орталықтың әр бөлігі өз мемлекетінің құқықтық алаңына бағынады.
«Орталықтың негізгі міндеттері мыналарды қамтиды:
- Мемлекетаралық кооперациялық байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қазақстан мен Өзбекстанның шағын және орта кәсіпорындарын халықаралық құн тізбегіне интеграциялау;
- Шекаралас аумақтардың өндірістік базасын тиімді пайдалану;
- Орталық аумағында құрылатын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Технологиялық модернизация, инновациялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, заманауи технологиялармен интеграциялау және т.б.»
Орталықтың орналасуы
Орталық Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара бойындағы шекаралас аумақтарда орналасқан. Орталықтың жалпы көлемі 1 шаршы километрді құрайды, оның 0,5 шаршы километрі Қазақстан, 0,5 шаршы километрі Өзбекстанға тиесілі.
«Шекара, кеден және өзге де бақылау түрлері орталықтың бір бөлігіне екіншісіне ауысатын адамдар, көліктер, жүктер, тауарлар мен жануарларды тексеру «Атамекен» (Қазақстан) және «Гулистан» (Өзбекстан) өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. Бұл пункттер халықаралық байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес ашылған», - деп түсіндірді Сенат.