Астанада Қытайдың жаңа көпфункционалдық орталығы ашылады
Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа көпфункционалдық орталық ашылмақ.
2024 жылы Қытайдың Нанкин қаласындағы «Орталық Азия - Цзянсу» сауда орталығы ашылды. Онда Қазақстан да бар, Орталық Азия елдерінен компаниялар орналастырылды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Астанадағы орталықта қытай және қазақ өнімдері көрсетіліп, халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізіліп, сауда келісімдері рәсімделетін болады. Сонымен қатар, консалтинг қызметтері ұсынылады.
«Бүгін Нанкиндегі алаңда қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылуда. Олардың стримингтік сату арқылы тауарларын өткізу мүмкіндігі бар. Сауда орталығы ашылған күннен бастап Douyin платформасында 600 мың юанның өнімдері сатылды», - деді Арман Шаккалиев.
Jiangsu Province SOHO Holdings Group Co. вице-президенті Дин Хай жаңа көпфункционалдық орталықта сауда павильоны, мәдени орталық және Jiangsu SOHO Holdings Group Co. Ltd. офисі болады деп мәлімдеді. 2025 жылдың мамыр айында Астанада Цзянсу провинциясының экспорт-импорт көрмесі өтеді, бұл ауқымды жобаның бір бөлігі болады.
«Қазақстан жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталықты дамытуда негізгі серіктес QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы болады», - деді Арман Шаккалиев.
Арман Шаккалиевтің айтуынша, Қытай Қазақстанның стратегиялық маңызды сауда серіктесі болып табылады. Мемлекет басшысы Қытаймен өзара сауданы $100 млрд.-қа жеткізу міндетін қойды. Биыл 11 ай ішінде Цзянсу провинциясымен ынтымақтастық қарқынды дамуда: жалпы тауар айналымы екі есе артып, $2,66 млрд.-қа жетті, ал қазақстандық экспорт 3,4 есе өсіп, $1,49 млрд.-қа жетті.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларының нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі $27,1 млрд.-ты құрады. Қазақстанның Қытайға экспорты 1,6%-ға артып, $13,5 млрд.-ты құрады.