Канело Биволмен реваншқа қызығушылық танытты

Канело Альварес Биволмен екінші жекпе-жек өткізу ниетінде.

👁️ 36
Сурет: vesti.kz

Атақты мексикалық чемпион Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) қайтадан ресейлік Дмитрий Биволмен (24-1, 12 КО) реванш туралы айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

Журналистермен сұхбатында Канело полутяжелая категорияға оралуы тек бір мақсатқа - Биволмен екінші жекпе-жек өткізу үшін ғана қызығушылық танытатынын анық айтты.

“Мен реванш өткізуді қалаймын. Бұл 175 фунтта мен келісетін жалғыз жекпе-жек. Мен сол жекпе-жекте кейбір нәрселерді үйрендім, бірақ мен бұл жағдайды тағы да қайталағым келмейді. Бірінші жекпе-жекте мен 50 пайыз ғана мүмкіндігіммен жекпе-жек өткіздім. Мен қолымдағы жарақаттан бір ай спаррингсіз жатып қалдым. Төзімділігім нөлге тең болды — тіземдегі мәселелерден жүгіре алмадым. Дмитрий тамаша болды, ол керемет боксшы. Ол әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі”, - деді Альварес The Ring-ке берген сұхбатында.
Канело Альварес

Еске сала кетейік, 2022 жылдың мамырында Бивол Канелоны төрешілер шешімімен жеңді. Ол жекпе-жек полутяжелая категориясында өтті. Мексикалық боксшы реванш туралы келісімшартта көрсетілген тармақты пайдалану жоспарын қойған, бірақ тараптар арасында келісім болмады.

Канело Альварес, Дмитрий Бивол