Барселона мен Интер тең түсті
Барселона мен Интер арасындағы қызықты матчта тең есеп тіркелді.
👁️ 11

Сурет: vesti.kz
Каталондық "Барселона" итальяндық "Интермен" Чемпиондар лигасының бірінші жартылайфиналдық матчы аясында тең есеппен ойнады, деп хабарлайды vesti.kz.
Барселонада өткен кездесудің нәтижесі 3:3. Ойын барысында қонақтар 2:0 есебімен алда болды.
- "Интер" сапынан голдарды Маркус Тюрам (1-минут) және Дензел Думфрис (21-ші және 64-ші минуттар) соқты.
- Ал "Барселона" атынан Ламин Ямаль (24-ші минут), Ферран Торрес (38-ші минут) және "Интердің" қақпашысы Ян Зоммер автогол (65-ші минут) енгізді.
Командалар арасындағы жауапты матч 6 мамырда Миланда өтеді.
Маркус Тюрам, Ян Зоммер