Данилина мен Крунич Ролан Гарроста ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық разрядта жартылай финалға шығуға талпынуда.
👁️ 11

Сурет: vesti.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция Ашық Чемпионаты (Ролан Гаррос) жұптық разрядында ширек финалға өтіп, vesti.kz хабарлады.
1/8 финалда Данилина мен Крунич Эйжа Мухаммад (АҚШ) / Деми Схюрс (Нидерланды) жұбымен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Ролан Гаррос жартылай финалына шығу үшін Данилина мен Крунич американо-чехиялық Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд дуэтімен ойнайды, олар титулға басты үміткерлер болып табылады.
Еске сала кетейік, Анна Данилина Қазақстанның жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы: ол WTA рейтингінде 17-орынды иеленіп отыр.
Анна Данилина, Александра Крунич