Қазақстанда IT-қызметтер экспортын дамытуға арналған жоспарттар

Қазақстанда IT-қызметтер мен өнімдерін экспорттау дамуда.

👁️ 10
Сурет: profit.kz

ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері талқыланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Отырыс барысында ІТ-компаниялары өкілдері, атап айтқанда:

  • Netcracker Technology компаниясының техникалық директоры Павел Городов,
  • Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат,
  • Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызметтер экспорты 24%-ға, яғни $306 млн-ға жеткен. Қазіргі уақытта Astana Hub қатысушыларының саны 1,5 мың компаниядан асады, оның ішінде 400-і шетелдік компаниялар.

Премьер-министр Қазақстандық Alaqan, Codiplay, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX жобаларының халықаралық нарықтарда назарға алынғанына тоқталды. IT-қызметтер экспортын арттыру бойынша негізгі бағыттарды анықтады.

«Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Аталған міндетті іске асыру үшін тиісті инфрақұрылым құру және осы саладағы бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде.»
— Олжас Бектенов.

Pремьер-министрдің айтуынша, соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі 20 есеге артты. Осы саладағы жұмыс өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге назар аударуы керек.

Astana Hub технопаркі және жаңа бастамалар

Үкімет басшысы инновациялық кластер болып саналатын Astana Hub технопаркі стартаптар үшін негізгі серіктес болғанын атап өтті. Технопаркқа қатысушыларға салық және визалық жеңілдіктер ұсынылып, бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалар ұйымдастырылған.

Цифрлық даму министрлігіне Astana Hub секілді өңірлік IT-хабтарды қолдау жөнінде жол картасын әзірлеу тапсырылды. Әкімдіктерге қаржыландыру ісін жедел шешу қажеттілігі айтылды.

Сонымен қатар, министрлікке наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құрып, лицензиялауды аяқтау тапсырылды. Венчурлық қордың көлемін 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа жеткізу керек.

Мемлекеттік қолдауды жаңарту

Премьер-министр сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын цифрландыру міндетін қойды. Мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында байланысты күшейту қажеттігі де атап өтілді.

Осылайша, елімізде отандық инновациялық әзірлемелерге сұраныс арттыру және халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік жасау жоспарлануда. Сонымен қатар, өңірлік IT-хабтарды дамытуға көмектесу және технолгиялық кәсіпкерлікті дәріптеу бойынша шаралар қабылдануы қажет.

Цифрлық даму министрлігіне IT-компанияларға мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіру тапсырылды.