Қазақстанның Интернет Жылдамдығы Артты: Жаңа Рейтинг Нәтижелері
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша жоғары орындарға көтерілді.

Ookla аналитикалық компаниясы 2025 жылдың қаңтарына арналған жаңа интернет жылдамдығы рейтингін жариялады. Қазақстан мобильді интернет бойынша 8 позицияға көтеріліп, 49-шы орынға тұрақтады.
Бұл жетістік мемлекеттік бағдарламалар мен байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. 2024 жылы фиксирленген байланыс желілері жаңғыртылып, 4G желісінің қамту аймағы кеңейтілді, сондай-ақ ірі қалаларда 5G технологиясын енгізу басталды.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы
2025-2027 жылдары «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мынадай бастамалар жүзеге асырылады:
- 3010 ауылда кеңжолақты интернет желісін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту;
- 1120 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізу үшін «соңғы миля» жобасын субсидиялау;
- 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және облыс орталықтарында кеңейту;
- 250-ден астам шалғай және сирек қоныстанған елді мекендерге спутник арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Интернет жылдамдығының артуы еліміздің цифрлық дамуына, IT-индустрияның өсуіне, онлайн білім беру мен электрондық коммерцияны ілгерілетуге және экономиканың басқа да маңызды салаларына оң әсер етеді.
Телекоммуникация саласын дамыту — Министрліктің басты басымдықтарының бірі.
Ведомство бүкіл ел бойынша байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырады.