Оңтүстік Корея полициясы ұшақ апатының себептерін зерттеуде

Оңтүстік Корея полициясы Бангкоктан Муанға ұшып шыққан ұшақ апатының себептерін тергеп жатыр. Тінту жұмыстары басталды.

👁️ 36
Сурет: Kim Soo-hyeon / Reuters

Оңтүстік Корея полициясы Бангкоктан Муанға ұшып шыққан ұшақ апатының себептерін зерттеу аясында бірнеше тінтулер өткізді. Оларды арнайы құрылған тергеу тобы жүргізеді. Бұл туралы Younhap хабарлайды.

Тінту жұмыстарын Пусандағы аймақтық авиация басқармасында, Муан халықаралық әуежайында және Сеулдегі Jeju Air әуе компаниясының кеңсесінде жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу бойынша күдіктілер жоқ, полицияға еліміздің ең үлкен әуе апаты бойынша істің фигуранттарын анықтау қажет.

Тергеу барысы

Әсіресе, тергеушілер әуежай құрылымына, атап айтқанда, ұшып-қону жолағының соңында орналасқан, ұшақтарды қондыру кезінде бағыттайтын локаторларды орнатуға қатысты сұрақтар қойды. Бұған дейін тергеу жұмыстары алты айдан үш жылға дейін жалғасуы мүмкін екендігі айтылған.

Ұшақ апаты

Боинг 737-800 7C2216 ұшағының апаты 29 желтоқсанда таңертең орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуелі ұшақ құстардың тобымен соқтығысқан, содан кейін оның шассиі істен шыққан. Нәтижесінде, ұшақ қону кезінде қоршауға соғылып, отқа оранған. Оңтүстік Корея мен Тайландтың 181 азаматының арасынан тек екі стюардесса ғана құтқарылды.

Тергеу жұмыстарының басты мақсаты – апаттың нақты себептерін анықтау мен кінәлі тұлғаларды анықтау.

Younhap