Электрлі G-Class сатылымы көңіл көншітпейді
2024 жылы G-Class модельдерінің электрлі нұсқасы тапсырыс берушілерді тартуда қиындықтарға тап болды

2024 жылы жарық көрген батареялы G-Class моделі нарықта күттірген нәтиже көрсетпей отыр. Handelsblatt басылымының компания ішіндегі дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұл жайында ақпарат берді.
Осы жыл ішінде Еуропада бар-жоғы 1450 данасы сатылды. Оңтүстік Кореяда — 61, ал Қытайда тек 58 данасы сатылған. АҚШ-та бұдан да нашар көрсеткіш — бірде-бір машина сатылмаған.

Клиенттер тарапынан электрлі G-Class-тың бағасы туралы теріс пікірлер көп. Мысалы, АҚШ-та оның бағасы 161 мың доллардан басталса, Қазақстанда 180-230 мың доллар аралығында бағаланып отыр.

Төрт моторлы G 580 with EQ Technology электрлі нұсқасы сатып алушыларды өзіне тарта алмады. 3.5 тонна салмағы бар автокөлік, сынақ циклінің нәтижесінде, тек 385-473 шақырым қашықтықты жүре алады.
Салыстырсақ, батареялы модельге қарағанда, дәстүрлі моторы бар G-Class әлдеқайда жақсы сатылып жатыр: былтыр әлемде 11 мың дана сатылды, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12% жоғары.
Штутгарттағы басшылық бұл жағдайдан тиісті қорытынды шығаруда. Электрлі G-Class белгіленген мини-гелик гибрид жүйесімен жұмыс істейтін болуы мүмкін.