Алматы облысында бірнеше жол учаскелері жабылады
Алматы облысында бірнеше жол учаскелері жабылады.
👁️ 8

Сурет: inalmaty.kz
1 сәуірден 30 сәуірге дейін жол-көлік жағдайлары мен метеорологиялық шарттарының нашарлауына, сондай-ақ қар көшкіні қаупіне байланысты бірнеше жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
- КВ-45 «Талғар-Спутник» – 6 шақырымдық учаскесі
- КВ-64 «Түрген-Обсерватория» – 12 шақырымдық учаскесі
- Р-17 «Алматы-Талғар-Евгеньевка» – Ыстықкөлге жету – 7 шақырымдық учаскесі
Жергілікті тұрғындар мен қонақтардан сапарларын жоспарлағанда аталмыш ақпаратты ескеріп, балама маршруттарды пайдалануы сұралады. Белгіленген жолдарда қозғалыстың қайта басталуы туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.